Асқар Әкімбайұлы Әубәкіров
Асқар Әкімбайұлы Әубәкіров 1970 жылы 29 мамырда Қызылорда облысында дүниеге келген. Мәскеу гидромелиоративті институтын, Еуразиялық нарық институтын тәмамдаған.
Қызылорда қаласындағы «Көктем» шағын жеке кәсіпкерліктің директоры, «Казкоммерцбанк» ААҚ Қызылорда облыстық филиалының жинақтау бөлімінің меңгерушісі, Атырау қаласындағы «Қазақойл» ҰМК қаржы бөлімінің менеджері, «Ембімұнайгаз» ААҚ экономикалық анализ және қаржы бөлімінің меңгерушісі, қаржы дирекциясының директоры, бірінші вице-президенті, «Қазақойл-Ембі» ААҚ-ның бірінші вице-президенті, «Өзенмұнайгаз» ААҚ бірінші вице-президенті, «EuroAsiaGroup» басқармасының төрағасы, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалы директорының бірінші орынбасары, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның бірлескен даму және активтерді басқару бойынша бас директордың орынбасары, «Ассоциация «KazEnergy» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры қызметтерін атқарған. 2009 жылғы қазан айынан бастап «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның бірлескен даму және активтерді басқару бойынша бас директорының орынбасары қызметтерін атқарған. Атырау облыстық әуесқой бокс федерациясының І вице президенті.