Аслан Жұмағалиұлы Қаржаубаев
Аслан Жұмағалиұлы Қаржаубаев 1953 жылы 3 қаңтарда Семей облысының Жарма ауданының Көшек ауылында дүниеге келген. 1975 жылы Семей зооветеринарлық институтын бітіріп (мал дәрігері) мамандығы бойынша қызмет атқарды.
1976-1981 жылдар аралығында Қазақстан КЛЖО-ның Жаңасемей райкомының хатшысы, екінші хатшысы, үшінші хатшысы болып сайланды. 1981-1985 жылдар аралығында Халық депутаттары кеңесінің аудандық аткомының жауапты хатшысы, Семей облысының Жаңасемей ауданының райком партиясының ұйымдастырылған бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды. 1978-1988 жылдар аралығында Халық депутаттары кеңесінің Жаңасемей ауданының депутаты болып сайланды. 1998 жылдың ақпанынан бастап 2004 жылдың желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агентствоның бас маманы, бөлім бастығы, Агентство төрағасының кеңесшісі, Көші-қон басқармасының бастығы болып қызмет атқарды. 2004 жылдан бастап Көші-қон басқармасының бастығы, 2009 жылдың қазанынан бастап Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары. 2010 жылдың қазанынан бастап 2013 жылдың ақпанына дейін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және халықты жұмыспен қамту департаменті директорының орынбасары. 2013 жылдың наурызынан бастап 2014 жылдың тамызына дейін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары. 2014 жылдың тамызынан бастап Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары.
«Елеулі еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасы Парламентіне 10 жыл» медальдарымен марапатталған.