Әсем Бекқызы Нүсіпова
Әсем Бекқызы Нүсіпова 1975 жылы 1 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген, біліктілігі – экономист, менеджмент саласының маманы.
Еңбек жолын 1998 жылы бастады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Менеджмент» кафедрасының оқытушысы, Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, Қазақстан Республикасы қаржы министрінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңсесінің бөлім меңгерушісі, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау вице-министрі. 2008 жылғы 31 желтоқсанда «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары қызметіне қабылданды. 2009 жылғы 12 ақпанда Басқарма мүшесі болып сайланды, 2013 жылғы 20 қыркүйекте қайтадан сайланды.