Арғынғазы Әбутәліпұлы Егеубаев
Арғынғазы Әбутәліпұлы Егеубаев 1941 жылы 7 мамырда Қостанай облысының Қостанай ауданында дүниеге келген. Қостанай ауыл шаруашылығы техникумын, Алматы зооветеринарлық институтын бітірген. Қазақ ұлттық аграрлық университеті мал тұқымын асылдандыру және мал шаруашылығы кафедрасының профессоры, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор, ҚР Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі. 106 ғылыми жарияланымның, оның ішінде 2 монографияның, 2 оқулықтың, 3 оқу құралының, 8 ұсыныстың, 14 оқу-әдістемелік нұсқаулықтың және 1 өнертабыстың авторы. Сонымен қатар 3 ауыл шаруашылығы ғылымы кандидатын және 1 докторын дариярлаған.
1968-1996 жылдары Алматы зооветеринарлық институтының аспиранты, ассистенті, аға оқытушысы, доценті, факультет деканы, кафедра меңгерушісі, тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры. 1996-2003 жылдары - Қазақ ұлттық аграрлық университеті ауыл шаруашылығы малдарын азықтандыру және азық өндірісі кафедрасының меңгерушісі. 2003 жылдан Қазақ ұлттық аграрлық университеті мал тұқымын асылдандыру және мал шаруашылығы кафедрасының профессоры.
Медальдармен, КСРО Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.