Ардақ Маутханұлы Сыдық 1947 жылы 18 желтоқсанда дүниеге келген. 1965 жылы орта мектепті бітірген. Еңбек жолын 1965 жылы Семей облысы, Ақсуат ауданы, "Ақсуат" совхозында жұмысшы-құрылысшы болып бастаған. 1974 жылы Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылығы институтының ауыл шаруашылығын механикаландыру факультетін инженер-механик мамандығы бойынша бітірген. 1974-1975 жылдары әскер қатарында болған. 1976-1990 жылдары Алматы қаласында Автомобиль транспорты министрлігі саласында автопаркте, таксопаркте, Автотранспорттың қалалық басқармасында автоколонна бастығы, диспетчерлік пункттің бастығы, мекеме бастығының орынбасары, автопарктың директоры болып қызмет атқарған. 1990-1994 жылдары Қазақ Республикалық туризм және экскурсия кеңесінде бас инженер, 1994 жылы Автотранспорт басқармасында бөлім бастығы және №4 автопарктің бастығы болған. 1995 жылдан бастап Республикалық "Қазселденқорғау" мекемесінде автобазаның директоры, механизмдер және транспорт басқармасының бастығы болып, Алматы облысы, Қарасай ауданында қызмет істеген. 2003 жылдың қаңтар-қазан айларында "Отан" партиясы Қарасай аудандық өкілдігі бастығының бірінші орынбасары болды. Алматы облыстық мәслихатының ІІ, ІІІ, ІV шақырылымының депутаты, ал, ІІІ, ІV шақырылымда облыстық мәслихат хатшысының қызметін атқарды. Алматы облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы
"Астана", "ҚР Тәуелсіздігіне - 10 жыл", "Тың игеруге - 50 жыл", "ҚР Парламентіне - 10 жыл", "ҚР Конституциясына - 10 жыл", "Астана - 10 жыл", "ҚР Тәуелсіздігіне - 20 жыл" медальдарымен марапатталған, Алматы облысының Құрметті азаматы. Отбасылы, 2 ұл, 1 қыз, 5 немересі бар.
Ардақ Маутханұлы Сыдық
Последние статьи автора