Ардақ Дүкенбайұлы Досжан
Ардақ Дүкенбайұлы Досжан 1964 жылы 28 наурызда Алматы қаласында дүниеге келді. М.Горький атындағы Мәскеу әдебиет институтын бітірген, әдеби қызметкер. Мәскеу әлеуметтік институтын бітірген, заңгер. 1987-1995 жылдары - «Ленинская смена», «Экспресс К» газетінде тілші, бас редактордың орынбасары, бас директор. 1995-1997 жылдары - «Панорама» газеті баспагер-директорының бірінші орынбасары. 1997-1999 жылдары - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің Салық полициясы комитетінің 8-басқарма бастығының орынбасары. 1991-2001 жылдары - ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары - үкіметтік ақпарат бөлімінің меңгерушісі, «Хабар» Агенттігі» ЖАҚ ақпараттық-талдау бөлімінің бастығы, ақпараттық бағдарламалар директоры. 2001-2003 жылдары - ҚР мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім вице-министрі. 2003-2004 жылдары - ҚР ақпарат вице-министрі. 2004-2006 жылдары - ҚР мәдениет, ақпарат және спорт вице-министрі, мәдениет және ақпарат вице-министрі. 2006-2008 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-саяси бөлімінің меңгерушісі. 2008-2010 жылдары - ҚР Әділет министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы. 2010-2011 жылдары - ҚР Мәдениет министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы. 2012 жылдан бастап Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры басқарма төрағасы. «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медалімен марапатталған.