Аманжол Қасабек
Аманжол Қасабек 1943 жылы 5 сәуірде Алматы облысында дүниеге келген.
М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Философия ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Әлеуметтану ғылымдары академиясының, Жоғары мектеп ғылым академиясының академигі.
1969-1978 жылдары - Жамбыл педагогикалық институтының, Алматы зоотехникалық мал дәрігерлік институтының аға оқытушысы. 1978-1988 жылдары - Қазақ мемлекеттік университеті жанындағы Кәсіби біліктілікті арттыру институтының доценті. 1988-1991 жылдары - Алматы сәулет-құрылыс институты философия кафедрасының меңгерушісі. 1991-1994 жылдары - Қазақ мемлекеттік университеті жанындағы Кәсіби біліктілікті арттыру институтының директоры. 1995-1998 жылдары - І.Жансүгіров атындағы Талдықорған университетінің ректоры. 1998 жылдан - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры. 2000 жылдан Қазақ мемлекеттік заң университетінің кафедра меңгерушісі.