Аманжол Әлиханұлы Алпысбаев

Аманжол Әлиханұлы Алпысбаев

 Аманжол Әлиханұлы Алпысбаев 1971 жыл 16 қазанда Торғай облысы (қазіргі Қостанай облысы) Амангелді ауданында дүниеге келген. 1990 жылы Торғай совхоз-техникумын, 1993 жылы Арқалық кооперативтік техникумын, 2002 жылы «инженер-технолог» мамандығы бойынша Алматы технологиялық университетін, 2004 жылы Қазтұтынудағы «экономист» мамандығы бойынша Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1993 жылы жабдықтарды баптаушы, тазалау цехының операторы, «Сағжан» ЖШС Есіл филиалының шебері болып бастады.
Ал мемлекеттік қызметті 1999 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Алкоголь өнімін өндіруді және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетінің Солтүстік Қазақстан басқармасының талдау және мониторинг бөлімінің бас маманы, бақылау бөлімінің бастығынан бастады. 2002 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Алкоголь өнімін өндіруді және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетінің Солтүстік Қазақстан басқармасының бастығы болып тағайындалды. 2002 жылғы қыркүйектен 2005 жылғы ақпанға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қостанай облысы бойынша Салық комитетінің акциздерді әкімшілендіру басқармасының бастығы болып жұмыс істеді. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде ол 5 жылдан астам жұмыс істеді. 2005 жылы ТМРА-ның Қостанай облысы бойынша басқармасының бастығы. 2006 жылы ТМРА төрағасының кеңесшісі. 2007 жылы мамырдан бастап Телекоммуникация және аэронавигация саласындағы реттеу және бақылау жөніндегі департаменті директорының орынбасары. 2007 жылы қарашадан бастап Директордың орынбасары, одан кейін Агенттіктің Стратегиялық жоспарлау және жиынтық талдау департаментінің директоры болды. 2008 жылғы қараша 2010 жылғы маусым аралығында ТМРА-ның Ақмола облысы бойынша департаментінің директоры болып қызмет атқарды. 2010 жылғы маусым 2012 жылғы ақпан аралығында Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитеті төрағасының орынбасары, Басқарма төрағасының кеңесшісі, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ-ның Коммуналдық шаруашылық департаменті директоры - басқарушы директор болып жұмыс істеді. 2012 жылы наурыздан бастап «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ-ның басқармасы төрағасының орынбасары лауазымын атқарды. 2013 жылдан бастап ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары, төрағаның міндетін атқарушы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста