Амангелді Дінұлы Ермегияев
Амангелді Дінұлы Ермегияев 1944 жылы 14 маусымда Алматы облысында дүниеге келген. В.Куйбышев атындағы Мәскеу инженерлік-құрылыс институтын тәмамдаған. «Алматыоблауырқұрылыс» тресінің аға прорабы, бас инженері, басқарушысы, Алматы қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. 1989-1990 жылдары - Қазақ КСР Мемлекеттік құрылыс комитеті төрағасының орынбасары - «Алматықұрылыс» құрылыс бірлестігінің бастығы. 1990-1993 жылдары - КСРО Министрлер кеңесі жанындағы Алматы қаласындағы және Алматы облысындағы құрылыс бойынша бас аумақтық басқарманың бастығы - Қазақ КСР Министрі, «Алматықұрылыс» концернінің президенті. 1993 жылдан бастап «Алматы» ұлттық холдингтік компаниясының президенті.
Қазақстан құрылысшылары қауымдастығының төрағасы, Қазақстанның құрметті инженері, БҰҰ Бас Кеңесі мәртебесі жанындағы Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, академияның Алматы бөлімшесінің вице-президенті, Қазақтың сәулет-құрылыс академиясының құрметті профессоры, қамқоршылар кеңесінің мүшесі.
«Халықтар достығы» орденімен, «Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін» Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломымен, «Академик И.Юзвишин» алтын медалімен, БҰҰ Генералдық консультативтік статусындағы Халықаралық ақпарат академиясының «Дүниежүзінің ақпаратшылары тандаулысы - 2002» Халықаралық конкурсы жүлдесінің алтын медалімен марапатталған.