Алтыншаш Қайыржанқызы Жағанова 1943 жылы 23 желтоқсанда Ақмола облысының Астрахань ауданында дүниеге келген. М. Горький атындағы әдебиет институтын бітірген (1974). Комсомол органдарында, «Қазақстан» және «Жазушы» баспасында жұмыс істеген. 1976-1986 жылдары «Жаңа фильм» журналының бас редакторы, 1986-1988 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің аппаратында жауапты қызмет атқарды. 1990-1994 жылдары республикалық «Қазақстан әйелдері» журналының бас редакторы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды. 1995 жылдан «Қазақстан дәуірлеу партиясының», 1998–2004 жылдары ҚР Көшіқон және демография жөніндегі агенттігінің төрайымы болды. Қазір «Руханият» партиясының жетекшісі.
«Әмина, қасқырлар және ақырзаман» (1967), «Ақ қоян – Құмай тазы» (1968), «Еркетотай» (1972), «Тентектер» (1974), «Эхо по кругу» (1976), «Шалунья» (1983) атты әңгіме, повестердің және «Бәрі де анадан басталады», «Нөсер», «Ала жіп аттағандар», «Беймаза әйел», «Жан алқымда», «Обыр», т.б. пьесалардың авторы.
Алтыншаш Қайыржанқызы Жағанова
Последние статьи автора