Алтайбек Сейітұлы Сеитов
Алтайбек Сейітұлы Сеитов 1951 жылы 18 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданы Майемер ауылында дүниеге келген. 1974 жылы Қазақ мемлекеттік Еңбек Қызыл Ту орденді ауылшаруашылық институтын ғалым-агроном мамандығы бойынша, 2002 жылы Қарағанды мемлекеттік - техникалық университетін экономист-юрист мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1968 жылы Үлкен-Нарын ауданындағы Ленин атындағы колхозда бөлімшенің есепшісі болып бастап, осы шаруашылықтың бас инженер-гидротехнигі, бас агрономы, «Ульяновский» ет-сүт совхозында бас агроном болып 1986 жылдарға дейін қызмет атқарды. 1986 жылдан 1988 жылға дейін Үлкен-Нарын аудандық мамандандырылған мал бордақылау бірлестігінің директоры болып, 1988-1992 жылдар аралығында аудандағы «Юбилейный» ет-сүт совхозының директоры болып қызмет атқарды. 1992- 1997 жылдары Үлкен-Нарын ауданының әкімі, 1992-2002 жылдары біріктірілген Үлкен-Нарын мен Катонқарағай ауданының әкімі болып қызмет атқарды. 2002-2004 жылдары Өскемен қаласының ұн тарту комбинатының «ТАНур Бидай» ААҚ-ның директоры, 2004-2005 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру, кадр және қадағалау бөлімінің бас маманы лауазымын атқарды. 2005-2006 жылдары Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Н.А. Назарбаевты қолдау штабының ұйымдастыру және бұқара мен ақпарат үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының облыстық ауыл шаруашылығы департаментінің тұқым шаруашылығының бас агрономы болып қызмет атқарды. 2006 жылы Қазақстан ұлттық Продкорпорация ААҚ-ның «Астық қоймалары» ЖШС директорының қаржы саласындағы орынбасары болып қызмет атқарып келді. 2007 жылдан бері Күршім ауданы әкімі.