Айжан Қабдуалиқызы Нұрмағамбетова
Айжан Қабдуалиқызы Нұрмағамбетова 1956 жылы 7 маусымда Қостанай облысының Сарыкөл ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика бөлімін, Республикалық эстрада-цирк колледжін тәмамдаған. Әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі.
Репертуарында халық әндері, қазақ, орыс және түрік, араб, т.б. елдердің ұлттық әндері, сондай-ақ қазіргі қазақ композиторларының, атап айтқанда Б.Жұмалиннің «Бақыт деген...», М.Садыбековтің «Шилі өзен», т.б. әндері бар. Айжан Нұрмағамбетова гастрольдік сапармен Германия, Моңғолия, Болгария, Түркия, тағы да басқа шет елдерде және Қазақстанның бірқатар аймақтарында болып, өнер көрсеткен. Қазір «Қазақконцерт» бірлестігінде еңбек етеді.
«Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Астанаға 10 жыл» медальдарымен марапатталған.