Айтқазы Сейітұлы Шерубаев
Айтқазы Сейітұлы Шерубаев 1951 жылы 3 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Ұласты ауылында дүниеге келген. 1974 жылы Қарағанды политехникалық институтын инженер-механик мамандығы бойынша тәмамдаған.
1968 жылдан - Қарағанды политехникалық институтының студенті. 1974 жылдан - Өскемен қаласы ОВ 156/3 мекемесінің шебері, 1977 жылдан - инженері. 1978 жылдан - «Шығыс мәшине зауыты» құрастыру секторының инженері, құрастырушысы, меңгерушісі (Өскемен қаласы). 1980 жылдан - ШҚО Өскемен қалалықтұрғын үй басқармасы Үлбі жылу желілері кәсіпорынының шебері, бастығының м.а. 1981 жылдан - Өскемен қаласы жылу желілері кәсіпорынының бас инженері. 1986 жылдан - «Электросантехмонтаж» (Өскемен қаласы) арнаулы басқармасының бастығы.
1988 жылдан - Үлбі аудандық атқару комитетінің төрағасы, Үлбі аудандық Халық депутаттары кеңесінің төрағасы - Өскемен қалалық аудандық атқару комитетінің төрағасы. 1992 жылдан - Өскемен қаласы Үлбі аудандық әкімшілігінің басшысы. 1993 жылдан - Өскемен қаласы әкімінің бірінші орынбасары. 1997 жылдан - ШҚО Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау бас басқармасының бастығы. 1999 жылдан - ШҚО Еңбек және тұрғындарды еңбөкпен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы. 2005 жылдан - ШҚО Еңбекпен қамту мен әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментінің директоры. 2008 жылдың мамырынан - ШҚО Еңбекпен қамту мен әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бастығы. 2008-2012 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы. 2012-2013 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2013 жылдың маусым айында Шығыс Қазақстан облысы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы болып қайта тағайындалды.