Айдын Жұмаділұлы Рахымбаев

Айдын Жұмаділұлы Рахымбаев

Айдын Жұмаділұлы Рахымбаев 1972 жылы 20 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданында дүниеге келген. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын тәмамдаған. Сондай-ақ жоғары заңгерлік білімге және Іскерлік Әкімилендіру Магистрі дәрежесіне ие.
Еңбек жолын 16 жасында құрылыс бригадасында бастаған. Әр жылдары ағаш ұстасы, тас қалаушы, сылақшы, бригадир болып жұмыс істеген. 1995 жылы курстастарымен бірлесіп «АзТЭК» трейдингілік компаниясын құрады, кейіннен бұл компания өсіп-өніп, BI Group холдингіне айналады. Компания құрылғаннан бері оның бас директоры, ал 2005 жылдан - «BI Group» холдингі Директорлар кеңесінің Төрағасы. 2007 жылдан бастап «Build Investment Group» холдингі директорлар кеңесінің төрағасы.
Айдын Рахымбаев сондай-ақ Қазақстанның Құрылыс салушылар қауымдастығы Кеңесінің төрағасы, «Атамекен» одағы» ұлттық экономикалық палатасы Басқармасының мүшесі, ҚР Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі.
Рахымбаев мырза сонымен бірге қайырымдылық шараларымен айналысады. 2004 жылы BI Group холдингінің жанынан «Қамқор» корпоративтік қоры ашылды. Кейіннен атауы «Жұлдызай» болып өзгерген бұл қордың негізгі мақсаты мүмкіндіктері шектеулі балаларға, жетім балаларға материалдық және басқалай көмектер көрсету.
«Дакар 2008, 2013 жылдардаға» раллиінің қазақстандық құрамасының мүшесі. Автокросстан Қазақстан Республикасы Чемпионаты кезеңінің қола жүлдегері. 2008 жылы Қысқы трек автожарыстары бойынша ҚР Ашық кубогының жеңімпазы.
«Құрмет» орденімен, «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығы» медальдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломымен марапатталған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста