Әбдіразақ Шәушенұлы Жомартов
Әбдіразақ Шәушенұлы Жомартов 1940 жылы 15 маусымда Алматы облысының Қаскелең ауданының Шамалған ауылында дүниеге келген. 1958 жылы Алматы индустриялық техникумын, 1965 жылы Бүкілодақтық сырттан оқытатын тоқыма және жеңіл өнеркәсіп институтын тәмамдаған. Техника ғылымдарының докторы (1993). ҚР Ұлттық инженерлік академиясының және Халықаралық инженерлік академиясының академигі. 100-ден астам жарияланған ғылыми жұмыстың, оның ішінде 7 монографияның авторы.
1958 жылдан - Қарғалы шұға комбинатында (Алматы облысы Жамбыл ауданының Фабричный кенті) ауысым шеберінен бастап директор лауазымына дейін көтерілді. 1980 жылдан - Қазақстан Компартиясы ОК жеңіл және тамақ өнеркәсібі бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 1983 жылдан - ҚазКСР тұрмыстық қызмет көрсету министрі. 1984 жылдан - Қазақстан жеңіл өнеркәсібінің министрі. 1991 жылдан - «Қазжеңілөнеркәсіп» Қазақ мемлекеттік концернінің төрағасы. 1997 жылдан - «Жеңілөнеркәсіп» ғылыми-техникалық инженерлік орталығы мен аспирантурасының (ҒТИОА) президенті. ҚР ҰИА төралқасының мүшесі, ҚР ҰИА халық тұтынатын тауарлар бөлімшесін басқарды. Халықтар достығы орденімен марапатталған. ҚР Құрметті инженері.