Пайыз деген не? Пайыз есептеу. Санның пайызын тез табу
Пайыз дегеніміз үлестен 100 есе көп сан. Дөңгелектің жартысы бұл 50 пайыз (1/2*100 = 50), ширек бөлігі 25 (1/4*100) пайыз ал барлығы 100 (1/1*100) пайыз:
Мысалы қоймада 100 кг ет бар еді, 50 кг тәңертен дүкенге жіберілсе, бұл неше пайыз еді?
50/100 = 0,5
Яғни еттің жартысы дүкенге жіберілді, ал бұны енді 100 көбейтеміз де пайыз мөлшерін аламыз:
0,5*100 = 50
Яғни еттің 50 пайызы тәңертен жіберілді.
Пайызды % символымен белгілейді, мысалы 50% дегеніміз бұл 50 пайыз.
Ал енді жіберілген еттің мөлшері 50 кг емес 20 кг болса, бұл неше пайыз?
20/100 = 0,2
0,2*100 = 20%
Яғни еттің 20 пайызы тәңертен жіберілді.
Асқар банктен 200 000 тенгені бір айға кредитке алып, келесі айда банкке 204 000 тенгені қайтарды. Банктегі кредиттің пайыздық мөлшерлемесі қандай?
Біріншіден банк пайда тапқан сомманың, берілген ақшаға қатысты үлесін табайық.
204 000 - 200 000 = 4000
4000/200 000 = 0,02
Осыны енді жүзге көбейтейік те процент мөлшерін аламыз:
0,02*100 = 2%
Яғни банктегі кредиттің пайыздық мөлшерлемесі 2 пайыз.
Енді пайызды түсінсеніз 100 бірақ көбейтініз, есептер шығарғанда 100 бірден көбейту керек. Мысалы ет есебінде былай пайыз табылады:
50/100*100 = 50%
 Жандос Алпысбай-ұлы