«Жөргегі неше күн бойы нәжіске толып қалған»: Ақтөбеде аштан өлген баланың өліміне байланысты сұмдық жайттардың беті ашылды

«Жөргегі неше күн бойы нәжіске толып қалған»: Ақтөбеде аштан өлген баланың өліміне байланысты сұмдық жайттардың беті ашылды

Белгілі болғандай, бұл отбасында оған дейін тағы бір бала дәл осылай шетінеп кеткен, деп хабарлайды Астана телеарнасына сілтеме жасаған Сaravan.kz.

Телеарнаның хабарлауынша, алдымен маскүнем отбасының көршілері дабыл қаққан. Айтуларынша, бұл отбасының барлық мүшелері араққа сылқия тойып, балалары үнемі қараусыз қалады екен.

«Бір күні соларға барсам, үлкендердің бәрі түк білмей ұйықтап жатыр. Ал кішкентай сәбидің жөргегі неше күнгі, нәжіске толып қалған. Олар апталап жөргегін ауыстырмайтын. Ал бала байғұс қолында бір бөтелке суымен, қоларбада отыр. Сөйтіп полиция шақырып, мен балаларды өз үйіме әкеліп, тамақтандырғанмын», - дейді көршісі Анастасия Муромцева.

Көршілердің сөзінше олар осымен бірнеше рет қорғау органдары мен полицияны шақырған екен. Алайда олар еш пайда болмаған, сөйтіп көршілер волонтерлердің көмегіне жүгінген.

«Біз соңғы рет барғанымызда үйде үш еркек отыр екен. Төрт жастағы бала өкіріп жылап жүр, ал кішкентай сәбидің табыты үйдің ортасында тұр. Еркектердің қолы қан жоса, анасының да қолы сондай. Білмеймін араларында не болғанын», - дейді волонтер Елена Голотина.

Аталған жайтқа қатысты білім басқармасының бас маманы Мирас Турғамбаев пікір білдірді.

«Құжаттары бәрі дұрыс болды, әкесі ешбір жерде есепте тұрмаған, сотталмаған. Ресми жұмысы болды. Бірақты тұрылықты тұратын жері болмады. Бұл отбасында тағы бір бала – бір жасар Вова қайтыс болды. Оның ағасын оңалту орталығына алып кеткен. Енді балалардың ата-анасын құқығынан айырады», - деді ол.

Белгілі болғандай шиеттей сәби 23 ақпанда, жүрек жеткіліксіздігі диазнозынан қайтыс болған. Алайда сәбиді тек төртінші күн дегенде жер қойнына тапсырған. Өкініштісі, оның маскүнем анасы тіпті баласының зиратына да келмеген. Бұдан бөлек көршілері осы отбасындағы тағы да басқа сұмдық жайттардың бетін ашты.

«Балалардың саны бесеу, үлкені «Умітте», екіншісі Максим Яйсанада, үшіншісі бір жарым айында қайтыс болды. Сосын Леша ол балалар үйінде, мынау бесіншісі болды», — дейді көршісі.

Сaravan.kz.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста