Жезқазғанда ер адам бірге тұратын әйелімен жанжалдасып, көшеге жалаңаш шығып кеткен, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE.KZ -ке сілтеме жасап.
4 қаңтар күні қалалық полицияның ЖБО операторлары Момышұлы көшесі бойында жалаңаш жүрген ер адамды анықтады.
Патрульдік полиция қызметкерлері 39 жастағы ер адамды ұстады. Құқық бұзушы бірге тұратын әйелімен өзара жанжалдан кейін көшеге жалаңаш шыққанын түсіндірді.
Құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-тің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.