"Жетібаймұнайгаз" ӨБ № 5613/28 ұңғымасында жазатайым оқиға болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Іnbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Алдын ала деректерге сүйенсек, апат монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде жарылыс салдарынан болған.
Осының салдарынан газбен дәнекерлеуші оқиға орнында қайтыс болды. Ал бұрғылау қондырғысының шебері, ҚХР азаматы, басынан жарақат алып, ауылдық ауруханаға жеткізілді.
Оқиға орнына жедел түрде Маңғыстау ауданының полиция қызметкерлері келді. Жазатайым оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында құқық қорғау органдарының қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу жүргізеді. Оқиға туралы жедел түрде Маңғыстау облысының Еңбек басқармасына, арнайы тергеу жүргізу үшін Маңғыстау облысының индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің департаментіне хабарлама жіберілген. Қазіргі уақытта Маңғыстау облысының Еңбек Басқармасы басшылық ететін комиссия құрылуда.
"Жазатайым оқиға бойынша тергеуді "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ басшылығы жеке бақылауға алды, тергеу белгіленген мерзімде жүргізіліп, кінәлі адамдар ҚР заңнамасына сәйкес жазаланады",– дейді компания өкілдері.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.