Жамбылда қызды зорлап алып қашқандардың видеосы тарады
Қыздың жан дауысы шығып, айқайлап жылап жатқан видео жұрттың жағасын ұстатты. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Айжан Әуелбекованың фейзбук желіссіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Видеоның нақты қалай болғаны, қашан түсірілгені белгісіз. Жергілікті тұрғындардың айтуы бойынша, қызды алып қашқан.
"Қыз жан дауысымен өзінің тым жас екенін айтып, айқайлап, көмекке шақырған. Оған неге ешкім көмектеспеген. Полиция қайда қарап отыр"?
Машинаның номері анық көрініп тұр. Жамбыл облысы Полиция департаменті сіздердің жауапты район емес екенін білемін. Бірақ, әріптестеріңіз сіздердің дабылдарыңызбен қимылдайды, деп жазды видеоны жүктеген Айжан Әуелбекова.
А видеоны көрген жұрт қазақ жігіттеріне қарата неше түрлі пікірлер, ауыр айыптаулар жаудырды.
Естеріңізге сала кетейік, видеоның толық нұсқасын осы сілтеме арқылы көре аласыздар!