Жамбыл облысында жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті
2023 жылдың 17 шілдесіне қараған түні Жамбыл облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Zakon.kz тілшісі "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды.
Түрксіб-Шу учаскесінде жүк вагондары рельстен шығып кетті.
"ҚТЖ" хабарлағандай, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Оқиға орнында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.
Айта кетейік, рельстен шығу жолаушылар пойыздарының жүру кестесіне әсер етті.
"Барлық пойыздар ауыз сумен қамтамасыз етілген, вагондар жұмыс істеп тұр. Арнайы комиссия құрылып, жолдан шығып кету себебін анықтауда" деп мәлімдеді "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу