Жамбыл облысында демалыс аймағы өртке оранды

Жамбыл облысында демалыс аймағы өртке оранды

Жамбыл облысындағы Меркі ауданының Меркі ауылынан 14 шақырым қашықтықта орналасқан «Тұран» демалыс аймағы өртке оранды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 20 мамыр күні сағат 21.56-да тұтанған.

 

Сол маңдағы ағаштан соғылған 4 ғимарат – әкімшілік ғимарат, дәмхана және екі қонақүйді жалын шарпыған. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің 37 қызметкері мен 12 техникасы жұмылдырылып, өртті сөндіріп жатыр.

 

Сағат 00.13-те жалынның таралуы тоқтатылды. Тілсіз жау шарпыған аумақтың көлемі анықталып жатыр.

 

Жыл бойы қызмет көрсететін «Тұран» демалыс аймағы Қырғыз Алатауының баурайында, теңіз деңгейінен 750 метр биіктікте, Меркі шатқалында орналасқан.

 

 

Айта кетейік, 16 сәуірде Тараздағы көпқабатты үйде ірі өрт болып, тұрғындар мектепке орналастырылған болатын. Жалын Төле би көшесі, 4 мекенжайында орналасқан бес қабатты үйдің шатырынан шықты. Салдарынан шатырдың 800 шаршы метрді отқа оранды.

 

Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің күшімен тұрғын үйден 100 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 60-ы – бала. Отты сөндіруге 13 техника мен 54 өрт сөндіруші жұмылдырылды.

 

17 сәуірде аталған тұрғын үйде жөндеу жұмыстары басталды.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста