Жамбыл облысында 7 жасар баланы ит талап тастады
Жамбыл облысы Қаратау қаласында 7 жасар ұлды ит талап тастады. Бала бетінен және екі аяғынан ауыр жарақат алды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Sputnik.kz тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап жазды.
Ауруханаға жеткізілгенде бала есінен танып жатқан. Ит оң жақ бетін жұлмалап тастаған. Екі аяғында да сау жер қалмаған. Дәрігерлер бірден ота жасауға шешім қабылдады. Алдымен бетін тігіп берді.
"Отадан басқа, науқасқа құтырмаға қарсы екпе салынды. Ұзақ, әрі күрделі отадан соң ашылған терінің беті тігіліп, балада қан айналымы жүре бастады. Ота сәтті өтті", - дейді мамандар.
Қазіргі таңда науқас жансақтау бөлімінен хирургия бөліміне ауыстырылды. Жағдайы жақсарып келеді. Ем-домын қабылдап жүр.
Баламен аудандық аурухананың психолог мамандары да жұмыс жасап жатыр.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz