Ұялы байланыс жоқ: Алматы облысында өрттен балалар қаза тапты

Ұялы байланыс жоқ: Алматы облысында өрттен балалар қаза тапты

Алматы облысы Ұйғыр ауданы Кепебұлақ ауылында үйден шыққан өрттен 40 жастағы ер адам мен оның екі кішкентай баласы қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қайғылы жағдай туралы ақпаратты БАҚ өкілдері жариялады. Жазбаға сәйкес, тұрғындар өрт сөндірушілерді дер кезінде шақыра алмаған.

Айтуларынша, жер үйден шыққан өрттен әкесі мен кішкентей екі баласы тірідей жанып кетті. Тұрғындар уақытында көмек шақырып, өрт сөндірушілерге хабар бере алмаған. Өйткені, ауылда ұялы байланыс жоқ.

Осыған байланысты ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі түсінік берді.

"Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Кепебұлақ ауылында 524 адам тұрады. Байланыс операторларының дерегінше, елді мекенде Ұялы байланыс 2G-"КаР-Тел" ЖШС, "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС, "Кселл" АҚ байланыс технологиялары қолжетімді. Байланыс операторы берген лицензиялық міндеттемелерге сәйкес 500-ден астам халқы бар елді мекендер кем дегенде 2G стандартының дауыстық байланысымен қамтамасыз етілуі тиіс. Алайда байланыс операторлары өздерінің лицензиялық міндеттемелерін орындамады",- деп хабарлады ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Ержан Мейрамов.

Белгілі болғанындай Кепебұлақ ауылында "Кар-Тел" ЖШС операторы ұялы байланыс қызметін ұйымдастыруы тиіс болған, ал "Кселл" АҚ және "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС операторлары бірлескен келісім шеңберінде (инфрақұрылымды бірлесіп пайдалану) қызмет көрсетуге міндетті еді.

"Алайда, "Кар-Тел" ЖШС басқа екі ұялы байланыс операторы үшін бірлескен келісім шеңберінде ұялы байланыс инфрақұрылымын ұйымдастырған жоқ, осыған байланысты осы ауылдағы байланыс сапасы белгіленген талаптарға сәйкес келмейді. Операторларға қатысты көрсетілетін қызметтердің сапасына тиісті тексеру жүргізіліп, операторларға қатысты тиісті шаралар қабылданатын болады. Қабылданған шаралар туралы қосымша хабарланады",- деп атап өтті ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілдері.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста