Түркістанда ауқатты отбасы бала күтушісінің атынан несие рәсімдеп алған

Түркістанда ауқатты отбасы бала күтушісінің атынан несие рәсімдеп алған

Абай ауданының Полиция басқармасына Түркістан облысының 57 жастағы тұрғыны арызданған. Ол арызында, 2022 жылдың шілде айында Шымкент қаласы аумағындағы ауқатты отбасылардың бірінде өзінің бала күтушісі болып қызмет еткенін, сол кезде аталған жанұяның мүшесі жасырын түрде ұялы телефонын алып, ондағы банк қосымшасы арқылы 1 000 000 (бір миллион) теңге көлемінде заңсыз несие рәсімдегені туралы жазып көрсеткен, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Оtyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Яғни, арызданушы телефонына банк атынан берешегін сұрап хабарлама келгенде ғана, өз атынан өзге біреудің несие алғанын біліп, жедел түрде полицияға жүгінген.

 

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-тің 190-бабымен (Алаяқтық) тіркеп, жедел-іздестіру шараларына кірісті.

 

Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде, күдікті бір тәулік ішінде қала аумағынан қолға түсті. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Жасы – 26-да, жоғары білімді. Уақытша жұмыссыз.

 

Тергеу барысында белгілі болғанындай, ұсталған азаматша айласын өз үйінде асырған. Бала күтушісінің аңғалдығын пайдаланғанын мойындап, заңсыз әрекетке қарыздарынан құтылу үшін барғанын және бұл үшін өкінетінін жеткізді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жалғасуда.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста