Түркістан облысында жоғалған қарияның мәйіті ауыл маңынан табылды
Түркістан облысында 3 күн бұрын жоғалып кеткен қарияның мәйіті ауыл маңынан табылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Нalyq-uni.kz тілшісі облыстық ТЖД-нің қоғаммен байланыс тобына сілтеме жасап жазды.
77 жастағы қарияның денесін іздестіру жұмыстарын жүргізген жергілікті тұрғындар тапқан.
Марқұмның мәйіті Талапты ауылдық округі, Шытты ауылының маңындағы Арыс өзенінен 500 метр жерде жатқан.
«Түркістан облысы ТЖД және полиция департаментінің қызметкерлері, кинологиялық есеп, еріктілер мен туыстары іздеу жұмыстарын жүргізді. Жалпы бұл жұмыстарға жеке құрамнан 72 қызметкер, 3 техника, 1 жүзу құралы жұмылдырылды»-делінген хабарламада.
Айта кетейік, кеше Түркістан облысында 77 жастағы қария 2 күннен бері іздестіріліп жатқанын жазған болатынбыз.