Түркістан облысында кене шаққан жасөспірім көз жұмды
Медицина мамандарының айтуынша, Сауран ауданының 15 жастағы тұрғыны медициналық көмекке жүгінбегендіктен оны аман алып қалу мүмкін болмаған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Қалай дегенмен бұл өңірде қауіпті вирустың таралуы көбейген.
Жыл басынан бері 48 адамға Конго-Қырым қанды безгегі диагнозы қойылып, тоғыз адамда вирустың нақты белгілері анықталды.
Науқастармен қарым-қатынаста болғандар оқшауланып, дәрігерлер бақылауына алынды.
Кенеден келетін қауіпті инфекция Ордабасы, Отырар, Төле би, Келес, Мақтаарал, Жетісай аудандары мен Түркістан қаласының тұрғындарында анықталған.
БАҚТЫОРАЗ ЕЛЕМЕСОВ, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
– Жыл басынан бері облыста кене шағу жағдайымен 985 адам қаралды. Өкінішке қарай науқастың дәрігерлік көмекке кеш жүгінуі себептен 1 жасөспірім бала көрсетілген ем – дом шараларына қарамастан қайтыс болды.