Аталған оқиға ҚР Қылмысьық Кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 13 шілде күні Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын кәмелетке толмаған қызының жоғалып кеткені туралы арыз түсірген.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қыздың денесін ауыл тұрғындарының бірінің үйінен тапты. Қыздың денесінде жарақат іздері болған.
Күдікті Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, қамауға алынды. Істің мән-жайын анықталып жатыр.
Оқиға орнына полиция бөлімінің басшылығы, аудандық прокурордың орынбасары және жедел-тергеу тобы барды.
«Тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының жіті бақылауында»,-делінген хабарламада.