Ордабасы аудандық орталық ауруханасының перзентхана бөлімінде 54 жастағы әйел ЭКҰ арқылы жүкті болып, ота жолымен 2023 жылдың 15-ші наурызы күні салмағы 4,5 келіден асатын ұл баланы дүниеге әкелді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кyn.kz-ке сілтеме жасап.
Қазіргі таңда ана мен баланың жағдайы жақсы.
Бұл отбасындағы екінші сәби. Біріншісін (қыз бала) осыдан үш жыл бұрын, яғни 2020 жылы 51 жасында босанған.
Сәбиін қолына алған ананың қуанышында шек жоқ.
Дәрігерлерге алғысы шексіз.