Түркістан облысында 5 адам газдан уланып, 1 жасөспірім қайтыс болды

Түркістан облысында 5 адам газдан уланып, 1 жасөспірім қайтыс болды

Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау салдарынан 6 адам улы газдан уланып, оның біреуі қайтыс болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі , деп Іnbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 қаңтарда Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне Сайрам ауданы, Манкент ауылында 3 адамның улы газдан уланғаны туралы ақпарат келіп түскен.

 

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар үй ішінде өрт болмағанын анықтады. Үйде қатты отынмен жылыту пешін пайдалану қағидаларын бұзғандықтан, пештің мұржасы тазартылмағандықтан, 1995, 1974 және 2004 жылы туған үш адамға ыс тиген. Барлығы – Өзбекстан Республикасының азаматтары. Қазір екі азамат ауруханаға жатқызылды, жағдайлары ауыр. Ал 2004 жылғы туған жасөспірім оқиға орнында қайтыс болды.

 

Сонымен қатар, осы күні Ақтөбе қаласындағы жеке үйдің газ плитасынан газ шығып, 2011 және 2013 жылы туған балалардың табиғи улы газдан уланып қалғандары жөнінде ақпарат келіп түскен. Аталған балалар Көпсалалы обылыстық аурухананың соматия бөліміне жатқызылды.

 

Газдан уланудың тағы бір жағдайы Атырау облысында тіркелді. 12 қаңтарда Құрманғазы ауданының Жыланды ауылында жеке тұрғын үйлердің бірінде табиғи газбен жылыту пешінің ақауы салдарынан, тартудың болмауына байланысты 2011 жылы туған жасөспірімге ыс тиіп, аудандық ауруханаға жатқызылды.

 

Бұған қоса ТЖМ газдан уланудың себептерін атады.

 

Оларға:

 

* пешті жылытуды пайдалану қағидаларын бұзу (пеш жапқышын уақтылы жаппау, отынға таза ауаның жеткіліксіз қолжетімділігі, нашар тарту);

* пеш пен мұржаның дұрыс жұмыс істемеуі (пеш құрылымындағы жарықтар, бітелген мұржа);

* адамның өрт ошағында болуы;

* оттегінің жетіспеушілігі жағдайларында тұрмыстық газдың жануы және желдетудің нашар болуы жатады.

 

 

ТЖМ газ құралдарын пайдалану кезінде қарапайым қауіпсіздік қағидаларын сақтауға шақырды.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста