Түркиядағы жол апатына түскен отандасымыздың бірі қайтыс болды

Түркиядағы жол апатына түскен отандасымыздың бірі қайтыс болды

Түркияның Анталья қаласындағы жол апатынан кейін операция жасалған Қазақстан азаматы қайтыс болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігі мәлім етті.

 

Ол бүгін таңертең көз жұмған. Қазір марқұмның ұлы Антальяға барды. Оған қажетті көмек көрсетіліп жатыр.

 

Айта кетейік, автобуста барлығы 12 отандасымыз болған. Тағы бір қазақстандық ауруханада жатыр. Қалғаны дін-аман, өмірлеріне қауіп жоқ.

 

Айта кетейік, кеше Түркияның Алания қаласында қазақстандық туристер мінген автобус апатқа ұшыраған болатын. Автобус жүргізушісі мен оның жанында отырған гид қайтыс болды.

 

Шағын автобус қазақстандық туристерді әуежайға апара жатқанда жүк көлігіне соғылған.

 

Істің мән-жайы анықталып жатыр.

 

ЕРЛАН ЖЕТІБАЕВ, ҚР СІМ Коммуникациялар департаменті директорының орынбасары:

 

- Түрік полициясының алдын ала мәліметі бойынша автобус жүргізушісі жоғары жылдамдықта жүк көлігіне соқтығысқан. Консул, қайтыс болған отандасымыздың туысқандарымен тұрақты байланыста. Барлық қажетті көмек көрсетілуде. Қалған 10 отандасымыздың, оның ішінде 4 баланың жағдайы қанағаттанарлық, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Барлығында медицианалық сақтандыру бар.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста