Торыш шатқалынан шар-тастарды ұрлағандар ұсталды
Тас ұрлаймын деп тұтылды. Маңғыстау облысындағы Торыш алқабында шар тәрізді тастарды ұрлағандар ұсталды. Бірақ күдіктілер тек ескерту алып құтылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі КТК.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде таралған видео көптің ашуын туғызды. Себебі: белгісіз біреулер Торыш шатқалындағы шар тастарды жүк көлігіне тиеп әкеткен. Алайда не мақсатпен ұрлғаны белгісіз.
Десе де ел ішінде домалақ пішінді тастар мейрамхана мен көңіл-көтеретін орындарға әдемілік үшін қойлатыны айтылуда.
Полиция күдіктілерді бірден ұстады. Бірақ ұрылар тек ескерту алып құтылды.
Ал ғалымдардың айтуынша, диаметрі үш-төрт метрге дейін жететін шар тәрізді тастардың тарихы өте тереңде жатыр. Тіпті кейбірі 40-60 миллион жыл бұрын пайда болған деседі.
Әйгерім Ибатуллаева, Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:
- Торыш шатқалы шарлар алқабынан тастарды алып кетіп жатқан бейнежазба жарияланды. Полиция қызметкрелерімен жүргізушінің жеке басы анықталды. Құқықбұзушылармен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Тастар қайтадан орнына қайтарылады.