"Тергеу изоляторында жоқ". "Дикий Арманның" адвокаттары дабыл қақты (видео)

"Тергеу изоляторында жоқ". "Дикий Арманның" адвокаттары дабыл қақты (видео)

Бүгінге дейін қамауда отырған Арман Жұмагелдиевтің қазір қайда екені белгісіз. Оның адвокаттары қорғалушының қайда екенінен бейхабар.
1 ақпан күні түнде шымкенттік заңгер Талғат Есімов Facebook желісінде шұғыл тікелей эфир ұйымдастырды, деп хабарлайды Экспресс К.
Адвокат Евгений Яровскийден, басқа Арман Жұмагелдиевтің үш бірдей адвокаты Талғат Есімов, Виктор Кривоносов және Қуат Сәлиев желіде шұғыл тікелей эфирга шықты.
Қаңтар оқиғасынан кейін прокуратура органдары Арман Жұмагелдиевті қамауға алғаны бәріне белгілі. Оның Алматыдағы тергеу изоляторында жатқанына екі айға жуықтады. Әріптестерім екеуміз осындан бір күн бұрынғы кездесуді санағанда онымен екі рет жүздестік. Бізбен бірге ҚР Бас прокуратурасы құрған ведомствоаралық тергеу-жедел тобының мүшелері кірді. Жауап алу кезінде Арман Жұмагелдиев тергеу органдарымен ынтымақтасатынын айтты, — деді Талғат Есімов.
Қорғаушылар 2 ақпан күні "Дикий Арманмен" кездеспек болған. Алайда, кешке олар қорғалушысының тергеу изоляторында жоқтығын біледі. Адвокаттар мұның заңсыздық екенін, бұл туралы оларға ешкім хабарламағанын айтты.
Оны қайда және не үшін алып кеткені белгісіз. Біз тергеу органдарына хабарластық, олар да болған жағдайдан бейхабар,
— дейді Талғат Есімов.
Бұған дейін Арман Жұмагелдиев куәлік беруге дайын екендігін мәлімдеген. Қорғаушылардың бірі Виктор Кривоносов "Дикий Арманның" жоқ болып кетуін осы жағдаймен байланыстырып отыр.
Тергеу тобының мүшелері Жұмагелдиевтің куәлік беруге дайын екенін білді. Ол өзінің кінәсіздігін дәлелдеу үшін куәлік беретінін айтты. Бас прокурор бұл не деген бассыздық,
— деді Виктор Кривоносов.
"Дикий Арманның" адвокаттары қорғалушысының суицидке бармайтынын айтып тағы бір маңызды мәлімдеме жасады.
Арман Жұмагелдиев суицидке бармайды. Оның өмір сүргісі келеді және ол өз құқығын қорғауға ниетті. Сотталушы бізді ешқашан өз-өзіне қол жұмсамайтынына сендірді,
— деп атап өтті Виктор Кривоносов.
Арманның адвокаттары қоғамда қайта тәртіп орнағаннан кейін түсініксіз өлім-жітімнің көбейгеніне алаңдаулы. Және олар қорғалушының өмірі мен денсаулығын сақтап қалу үшін қолдан келгенін жасап жатыр.
"Адвокат әрқашан қорғалушысының жағдайы туралы хабардар болуы тиіс. Бірақ бізге бұл туралы ешкім ештеңе айтқан жоқ. Біздің білуімізше Арман Жұмагелдиев тергеу изоляторынан шығарылған. Алайда оның қазір қайда екені білгісіз", — деді Қуат Сәлиев.
Президент пен Бас прокурорға үндеу жолдаған адвокаттар Арман Жұмагелдиевтің ісін заң аясында қаралуын сұрады.



Бұған дейін Экспресс К дубляж актері және белгілі әзілкеш Қайрат Әділгерей айтқандай "Дикий Арманның" ақша таратқанын жазған болатын.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста