Шымкентте пәтерлердің бірінен 15 жастағы жасөспірімнің денесі табылды. Оны ағасы ауыр халде ауруханаға жеткізген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Оtyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Алдын ала себеп – көміртегі тотығымен улану.
Қайғылы оқиға 26 наурыз күні кешке Ерімбетов көшесіндегі үйлердің бірінде болған.
Оқиға орнына жеткен жедел топ бірқатар бұзушылықтарды анықтады: лоджияға газ плитасы мен су жылытқышы қойылған.
Лездік су жылытқышының мұржасы қабырға деңгейінде көшеге шығарылған және полиэтилен пакетімен тығындалған. Лездік су жылытқышының мұржасында ағын жоқ.