Риддерде әйел үшінші қабаттағы балконнан төменге түсуге тырысқанда екі жасар ұлын құлатып алды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Ауыр жарақат алған бала аурухананың травматология бөліміне жеткізілді. Бұл туралы Noks.kz хабарлады.
Оқиға 27 қаңтарда болған.
Әйелдің мас болғанын ресми ақпарат көзі растаған.
Ол баланы қолына ұстап, құлыптаулы тұрған пәтерінен балкон арқылы шығуға тырысқан.