Шығыс Қазақстан облысында жасөспірімдер қызды ұрып жатқанын видеоға түсіріп алған, содан кейін оны енді ұрмаймыз деп шешіндіруге мәжбүрлеп, кейін тағы да ұрған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Видео WhatsApp мессенджері мен әлеуметтік желілер арқылы тарап кетті.
"Оқиға бір айдан астам уақыт бұрын – 1-2 наурызда болған. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі "Бұзақылық" бойынша қалалық ІІБ Ертіс ЖПБ-нің ТЖД-да тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жәбірленушінің жағдайы туралы мәлімет жоқ.