Солтүстік Қазақстанда ер адам бензинмен пеш жағам деп өртеніп кетті

Солтүстік Қазақстан облысында жаңа жылдың алғашқы күнінде екі ер адам өрттен қаза тапты. Олардың бірі төсекте темекі шексе, екіншісі пешті бензинмен жаққан, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары, азаматтық қорғаныс полковнигі Дмитрий Растихиннің хабарлауынша, жаңа 2023 жылдың басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының аумағында сегіз өрт оқиғасы тіркелді, өрт кезінде екі адам қаза тапты.

 

"1 қаңтарда таңғы уақытта Қызылжар ауданы Бескөл ауылында жеке тұрғын үйден өрт шығып, өрт орнынан 1977 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Алдын ала болжам бойынша ер адам төсекте темекі шеккен", - деді Растихин.

 

Дәл осы күні кешкі сағат 20:00 шамасында Петропавлда Рабочий ауылында жеке тұрғын үйден өрт шығып, 1989 жылы туған ер адам қайтыс болды.

 

"Куәгерлердің айтуынша, ер адам досымен бірге пеш жағу үшін бензин қолданып, ол тұтанып кеткен. Соның салдарынан бір адам аман қалып, екіншісі қайтыс болды. Болжам бойынша көз жұмған екі азамат та мас болған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деді Дмитрий Растихин.

 

Өрт сөндірушілер жаңа жылдық мерекелер кезінде алкогольді ішімдіктерді тұтыну салдарынан пиротехникалық бұйымдарды абайсыз пайдалану, пештерді, газдағы тамақты қараусыз қалдыру жағдайы арта түсетінін айтты.

 

2022 жылы Солтүстік Қазақстан облысының аумағында 695 өрт тіркелді, өрт салдарынан 38 адам қаза тапты, 30 адам дене жарақатын алды.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста