Шекарадағы сарбаз өлімі: 5 адам лауазымынан босатылды

Шекарадағы сарбаз өлімі: 5 адам лауазымынан босатылды

Былтыр тамыз айында «Шөлдала» бекетінде сарбаз өлімінен кейін қызметтегі бес адам лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Тәрбие, идеологиялық және кадрлық жұмыс департаменті бастығының орынбасары – кадрлар басқармасының бастығы Ерік Беріков айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында тілшілер Жамбыл облысы «Шөлдала» бекетінде сарбаз өлімінен кейін шекарадағы басшылық құрамнан кімдер жауапқа тартылғаны жөнінде сұрақ қойды.

 

«Бұл факт бойынша тергеу амалдары аяқталып, Шымкент гарнизоны бойынша әскери сотқа материалдар жіберілді. Қазір заң талаптарына сәйкес, тергеп-тексеру материалдарын жариялай алмаймын», - деді Е. Беріков.

 

Оның айтуынша, бұл оқиғадан кейін 5 адам қызметінен босатылған.

 

«Атқарып жатқан лауазымынан облыстық департаменттің басшысы, шекара басқармасының басшысы, застава басшысы, сондай-ақ тәрбие ісі жөніндегі жауапты орынбасарлары босатылды», - деді Ерік Беріков.

 

Бас әскери прокуратура 2022 жылдың тамызында «Шөлдала» шекара заставасының мерзімді әскери қызметшісі Б.Мираштың өз-өзіне қол салу дерегіне қатысты тергеу барысын мәлімдеді.

 

«Бүгінгі күні билікті асыра пайдалану арқылы өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бойынша күдікті ретінде сол заставаның келісімшарт бойынша әскери қызметшісі тергелуде. Қылмыстық іс материалдарына сәйкес ол Б.Мирашты және онымен бірге әскерге шақырылған басқа да мерзімді әскери қызметкерлерді жүйелі түрде психологиялық тұрғыда қорлап, соққыға жыққан. Күдікті қамауға алынып, тергеу жалғасуда және ерекше бақылауға алынған», - деп жазды ведомстводан.

 

Биыл ақпан айында «Шөлдала» шекара бөлімшесіндегі жауынгер өлімі фактісі бойынша ішкі тергеу жүргізіліп, бірнеше адам қызметінен шеттетілгенін жазған едік.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста