Қызылордада кене шаққан адам қайтыс болды

Қызылорда облысында Конго-Қырым қанды безгегінен бір адам көз жұмды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Шиелі ауданында тұратын 51 жастағы азамат дене қызуы көтеріліп, Шиелі аудандық көпбейінді орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне ауыр жағдайда жатқызылған.

 

«Науқаста іш өту, құсу, бұлшық еттері мен басының ауыруы, бүкіл денесіне гемморрагиялық бөртпе, иньекция орындарында гематома, көгерулер байқалған. Науқаста айқын интоксикация, бұлшық етке салынған иньекция орындарында көгеру, геморрагиялық бөртпе, жгут симптомы болған. Осыған байланысты науқас дереу оқшауланды. Оған «Конго-Қырым қанды безгегі, ықтималды жағдай» диагнозы қойылды. Науқастың сиыр сойғаны және денесінен 3 кене алынғаны анықталды. Жүргізілген реанимациялық шараларға қарамастан, науқастың жағдайы күрт нашарлап, қайтыс болды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан.

 

Ведомство мәліметінше, жыл басынан облыста Конго-Қырым қанды безгегіне шалдығуы ықтимал 23 науқас тіркелген. Олардың арасында 8 жағдай нақтыланып, аудандар бойынша Сырдария, Қармақшы, Шиеліде - 1, Жаңақорғанда - 4, Қызылорда қаласында 1 жағдай есепке алынған.

 

Жаңақорған мен Шиеліде 2 адам көз жұмды.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста