Қостанайда еңгезердей еркек екі әйелді соққыға жықты

Осы оқиғаға қатысты облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, төбелес қаладағы моншалардың бірінің алдында болған.

 

Жанжалдың видеосы Instagram-дағы kostanay_news_10 тобында жарияланды.

 

Бейнежазбадан әуелі екі әйел шаш жұлысып, оны тағы біреуі арашаламақ болып жүргенін көруге болады.

 

Кейін ғимараттан денелі келген ер адам атып шығып, жағаласып жатқан әйелдердің бірін ұрып жығып, бетінен аяғымен бір тепкен. Кері айналып келіп, көлікке мінгелі тұрған екіншісін де аямай жұдырықтап жібереді.

 

Қасында жүрген тағы бір жігіт болса әйелдерді арашалауға дәрменсіздік танытқан.

 

 

Бейнежазбаны көріп отырған куәгерлер екі әйелді соққыға жыққан ер адамның сауна әкімшісі екенін айтады. Ал екінші болып таяқ жеген қыз оның сүйіктісі көрінеді.

 

Осы жағдай бойынша тәртіп сақшылары тиісті шаралар қабылдап жатыр.

 

"Қостанай қаласының Оңтүстік полиция бөлімі бұл дерекке қатысты ҚР ҚК 107-бабы (Денсаулыққа қасақана зиян келтiру) сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады. Қазір сот-медицина сараптамасы тағайындалды. Ол жәбірленушілердің дене жарақатының ауырлық деңгейін анықтайды. Жанжал қатысушылары анықталып, ұсталды", — дейді ПД баспасөз қызметіндегілер.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста