Қирандының астында қалған сәби ескі бесіктің арқасында аман қалған

 Аружан есімді сәби Шымкентте құлаған үйдің астында қалып қойып, ескі бесіктің арқасында аман қалған деп хабарлайды Otyrar.kz басылымына сілтеме жасап NUR.KZ.

Газ-ауа қосындысының жарылысы болған кезде 1 жасар Аружан бесікте ұйықтап жатқан. Үйдің бөлшектерінің сәбидің денесіне зақым келтірмеуіне ескі бесіктің жоғарғы жақтаушалары себеп болған. Бүлдіршін "үйшіктің" ішінде қалған.

Ал, бесікте ұйықтап жатқан нәрестені үйіндінің астынан Руслан Бахрамов шығарып алған. Апат болған маңға жақын жерде тұратын Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының 6506 әскери бөлімінің қызметкері Бахрамов Руслан Богданович қатты шыққан дыбысты естіп көшеге жүгіріп шыққан.

Құлаған үйден баланың жылаған дауысы мен көмек сұрап айқайлап жатқандарды естіген Руслан Бахрамов бірден әйеліне жедел жәрдем мен өрт сөндіру қызметін шақыруға бұйрық беріп, өзі қиранды жаққа бет алған.

Бахрамовтың батыл да қайсар әрекетінің арқасында, үйіндінің астынан Жұмалиевтер отбасы шығарылды: Жұмалиев Д.Д. оның әйелі және бір жастан асқан бүлдіршін. Бірақ, өкінішке орай, сәбидің анасы жарақатының ауыр болғанына байланысты қаза тапты.

Анықталған мәліметтер бойынша, төтенше жағдайдың орын алуына газ-ауа қосындысының жарылысы себеп болған. Қазіргі уақытта ТЖД қызметкерлері апаттың нақты салдарын анықтап жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, 8 қаңтар күні сағат 03:30 шамасында Шымкент қаласында Халықтар достығы көшесінде газ-ауа қосындысының жарылысынан барақ тәрізді салынған 2 қабатты жеке тұрғын үй опырылып кеткен болатын.

NUR.KZ.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста