Қарағанды облысында күшті жел бірнеше ғимараттың шатырын ұшырып әкетті

Қарағанды облысында күшті жел  бірнеше ғимараттың шатырын ұшырып әкетті

ҚР ІІМ Қарағанды академиясы казармасы шатырының 700 шаршы метр аумағын қатты жел ұшырып әкетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

21 шілдеде қатты желдің салдарынан Б. С. Бейсенов атындағы Қарағандыда ҚР ІІМ Қарағанды академиясының казармасы ғимаратының шатыры ұшып кетті.

 

Зақым келген аумақ - 700 шаршы метр.

 

Айта кету керек, бір ай бұрын дәл осы оқу орнында осындай төтенше жағдай болған еді.

 

Сонымен қатар, дауылды жел Теміртау қаласындағы ғимараттардың да шатырын жұлып алды.

 

«Қатты желдің салдарынан Панфилов көшесіндегі 50 шаршы метр алаңдағы екі қабатты тұрғын үйдің, Тищенко көшесіндегі 150 шаршы метр алаңдағы бес қабатты көпфункционалды ғимараттың шатыры бұзылды, шатыр құрылымы құлады. Салдарынан Қарағанды индустриялық университетінің көршілес жатақхана ғимаратының 10 терезе блоктары зақымданды. Республика даңғылындағы екі қабатты мешіт ғимаратының 250 шаршы метр төбесі зақымданды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

 

 

Кешегі жел Бұқар жырау ауданына да зардап әкелді. Ақтөбе ауылында 300 шаршы метр аумақта екі қабатты жалпы білім беретін мектеп ғимаратының шатыры бұзылды.

 

Ал Ботақара кентінде екі қабатты тұрғын үй мен жалпы білім беретін мектептің спортзал ғимараты зардап шекті.

 

Жоғарыда аталған барлық жағдайларда зардап шеккендер жоқ. Бірақ жол апатының салдарынан кеше 65 жастағы ер адам зақым алды.

 

Ол «Қарағанды-Астана» тасжолымен жүретін рейстік автобустың салонында болған. Жолаушылар көлігі қатты желдің әсерінен аударылып қалған.

 

21 шілдеде Қарағанды облысында найзағай мен желдің күшеюіне байланысты дауылды ескерту жарияланды.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста