Өзбекстанның бұрынғы Президенті Ислам Кәрімовтің үлкен ұлы енді өгей шешесін сотқа берген
Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Кәрімовтің үлкен ұлы тағы да жұрт назарына түсті. Петр Кәрімов өгей шешесі Татьяна Кәрімованы сотқа берген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Азаттыққа сілтеме жасап.
Тұңғыш президент ұлының талап арызы Ташкенттегі Яккасарай ауданаралық сотында қаралады. Бұған мұраға қалған мүлік дауы себеп болған. Петр Каримов – Ислам Каримовтің бірінші әйелі Наталья Кучмиден 1969 жылы туған. Ислам Каримов пен Наталья Кучми сол жылы ажырасқан. Наталья Кучми 2008 жылы Ташкентте қайтыс болған.
Петр Каримов алғаш 2018 жылы "Узбекистон хаво йуллари" компаниясын сотқа беріп, "әкем өлген соң, 2017 жылы жұмыстан босатып, тиесілі ақшамды бермеді" деп арызданған. Екі жақ келісімге келгендіктен, іс сол жылы жабылған.
Енді ол тағы сотқа жүгініп отыр.
Еске салайық, экс-президенттің ұлы бұған дейін Мәскеуде әйелін соққыға жығып, басы дауға қалған еді.