Өскемендегі хайуанаттар бағында қасқыр баланың саусағын тістеп алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.
Оқиға жергілікті хайуанаттар бағында болған. 10 жастағы қыздың ата-анасының айтуынша, қызы жануарды сипамақ болған. Сол кезде жыртқыш қыздың саусағын тістеп алған.
"Бұл жердегі қоршау бар болғаны 20-30 сантиметр. Менің мүлде кінәм жоқ деп айта алмаймын. Мен қызыма дұрыс бас-көз болмадым. Мойындаймын. Бірақ бұл жақта, кейбір торда қауіпсіз емес. Торлар жыртылған. Басқа балалар жапа шекпесе екен деймін, себебі бұған дейін же ұқсас жағдайлар болған", - дейді қыздың анасы Айнұр Оспанова.
Баланың ата-анасы хайуанаттар бағында қажет қауіпсіздікті қамтамасыз етуді көздеп отыр.
"Балам қазір ауруханаға жағалап кетті. Әйелім есеңгіреп қалды. Біз ақша сұрамаймыз, бар болғаны қауіпсіздік шараларын күшейтуді талап етеміз. Жануарларға жақындауға болмайды. Полицияға арыз жаздық", - дейді қыздың әкесі Азамат Нұрғожин.
Саябақ әкімшілігі мәселенің басын ашуға уәде берді. Олардың айтуынша, саябақтың хайуанаттар бағы деген мәртебесі жоқ. Бұл - Шығыс Қазақстан облысының жануарлар дүниесі бөлімі. Мұнда 320 жануар бар. Барлық жыртқыш қоршауда. Барлық жерде ескерту белгілері бар. Бірақ келушілер оларды елемейді. Қазір қайта құру жұмыстары жүріп жатыр. Келушілердің қауіпсіздігі үшін бақылау алаңдары салына бастаған.
"Біз бұл қоршауларды жануарлар өздерін жайлы сезінуі үшін, ең алдымен, келушілер үшін қауіпсіз болуы үшін кеңейтіп жатырмыз. Бізде тұяқтылар, түйелер мен понилар үшін де бақылау алаңы бар. Осы мүмкіндікті пайдаланып, жануарларды тамақтандыруға, оларды сипауға болмайтынын айтқым келеді", - дейді Шығыс Қазақстан облысы фауна бөлімінің биологы Юлия Павленко.