Орал қаласында судья жұмыс орнында қайтыс болды
Орал қалалық сотының тергеу судьясы Нұрлан Губашев жұмыс орнында қайтыс болды. Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті ақпаратты растады, деп хабарлайды "Мой город" порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомство ақпаратынша, марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған. "Облыстық денсаулық сақтау басқармасы қоңырау 09:48-де келіп түскенін хабарлады. 1968 жылы туған ер адам жұмыс орнында кенеттен жағдайы нашарлаған", - деп жазылған басылымда. Жедел жәрдем шақырған адамның айтуынша, ол қырылдап, есінен танып құлаған. Еске сала кетейік, осыған дейін Түркістан облысының прокуроры Марат Әлиханов та жұмыс орнында қайтыс болғанын хабарлаған едік.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу