Оқушы қызының жаңа туған сәбиін жолға лақтырған әйел сұмдық әрекетін түсіндіре алмады

Оқушы қызының жаңа туған сәбиін жолға лақтырған әйел сұмдық әрекетін түсіндіре алмады

 Жамбыл облысында кезекті тастанды бала жұрттың тағы да жағасын ұстатты. Оныншы сынып оқушысы көлікте босанып, нәрестені тас жолдың жиегіне лақтырып жіберген. Жерге оңбай түскен шақалақ шетінеп кетіпті.

Адам шошырлық оқиға Талас ауданының Үшарал ауылы маңында болды. Жасы елуден асқан әйел көршісінің көлігін жалдап жүкті қызын ауруханаға апара жатыпты. Ауылдан шыға бере мектеп оқушысының толғағы қысып, машинаның ішінде-ақ босанып қалған. Ал анасы көлікті тоқтатпаған күйі шақалақты терезеден лақтырып жіберсе керек. Тас жолға басымен түскен нәресте сол жерде шетінеген. Қансырап қалған 16 жастағы қыз ауруханаға жеткізілді. Осы жайтты дәрігерлерден естіген тәртіп сақшылары көп ұзамай жолдың бойынан сәбидің өлі денесін тауып алады. Қазір кәмелет жасына толмаған ана ем алуда. Ал оның шешесі қамауда отыр.

Гүлчехра Зияутдинова, Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекші маманы:

-Қызының жүкті боп қалғанын шешесі білмедім деп отыр. Оның не үшін осындай қадамға барғаны қазір анықталуда. Тергеу құпиялығына байланысты өзге мәліметтерді айта алмаймыз. Анығы, егер оның кінәсі расталса, 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

ktk.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста