Оқушы қызды әжетханаға жібермеген мұғалім қызметінен кетті

Рудныйда мұғалім оқушыны сабақ кезінде әжетханаға жібермегені үшін жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Алау порталына сілтеме жасап. 

Оқушының анасының сөзінше сол күні қызы сабақ үстінде іші аурып тұрғанын айтып, әжетханаға сұранған. Ал мұғалім оған “7 минут қалды, шыда” деген. Бірақ оқушы шыдай алмаған. Кейін оны әпкесі мектептен алып кеткен.

“Баламның конституциялық құқығы бұзылды деп есептеймін. Бұл – мұғалімнің қорлауы. Қызым қазір мектепке барғысы келмейді, ұялады. Бұл үлкен психологиялық қысым болды. Білім бөлімі тарапынан ешқандай шара қолданылмаса, прокуратураға хабарласатынымды ескерттім”, –  деген болатын оқушының анасы.

Бұл оқиғадан соң мұғалім жұмыстан шықты. Білім басқармасының басшысы Темурхан Жайлыбаев мектебінде болған оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"Ата-аналармен, мектеп директорымен жұмыс жүргізілді. Қыздың анасы мұғалімді жазалауды талап етеді. Мұғалім жұмыстан кету туралы арыз жазды. Ол кешірім сұрады. Мұғалім көп жылдық тәжірибесі бар жақсы ұстаз. Ол оқушы бір рет барып келгесін екінші ретінде сабаққа қатыспау үшін деп ойлаған. Оқиға орын алған кезде мұғалім қызды сыныптан ақырын ешкімге білдіртпей алып шыққанын айтты. Не болғанын балалардың ешқайсысы түсінбеді", — деді білім басқармасының басшысы.

Bugin.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста