Оңтүстікте жаңа оқу жылы оқушылардың атысымен басталды (Видео)

Оңтүстікте жаңа оқу жылы оқушылардың атысымен басталды (Видео)

Оңтүстік Қазақстанда жаңа оқу жылы оқыс оқиғамен басталды. Сайрам ауданының орталығы - Ақсукентте оқушылар атысқан. Кейбір ақпарат көздері қарудан оқ атылды десе, басқа куәгерлер оқушылардың бір-бірімен таспен атысқанын айтады. Басы жарылған бір бала ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Qamshy.kz  31 арнаға сілтеме жасап.

Сайрам ауданының орталығы Ақсукент елдімекенінде екі топқа бөлінген мектеп оқушылары бір-бірімен қақтығысқан. Көрген куәгерлер оқушылардың бір-біріне тас лақтырып, атысқанын растаған. Тіпті, Сәкен Сейфуллин мектебінің 11 «в» сынып оқушысы Нұрлан Бекбаев тас тиген соққыдан басы жарылып, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген. АБДУЖАЛИЛ ОСМАНОВ, Сайрам ауданы емханасының хирург-травмотолог дәрігері: - Бас миының шайқалуы бар. Басының шашты тұсында жарылған, сырылған жарақаттар. Алғашқы көмек көрсетілді. Ем тағайындалды. Жараға алғашқы хирургиялық көмек берілді. Мектеп төңірегінде Нұрлан Бекбаевқа тас емес, оқ тиді деген қауесет те айтылып қалуда. Алайда, оның анасы Жұмағазы Бекбаева ұлымның жарасын таңуға апара жатырмын деп, сұхбат бермеді. Ал көрген куәгерлер болса, оқушылар тас атысты дейді. - Атыс болған жоқ. Тек айғайласып, қырылып төбелескені болмаса... - Төбелес болды. Мектеп мен білім бөліміндегілер оқ атылды дегенді қауесетке балап отыр. Тіпті оқушылар төбелесті дегенді де жұмсартып, ойнап жүріп басы жарылыпты дейді. ЖОМАРТ БЕКТАСОВ, Сайрам аудандық білім бөлімінің әдіскері: - Біреуі жығылып басы жарылған. Одан кейін мектеп әкімшілігі жедел жәрдем қызметін шақырған. Ішкі істер қызметкерлері ол екі оқушыны ата-анасымен ішкі істер бөліміне шақырып, түсініктемелер алған. Нұрлан Бекбаевпен бірге ойнап жатқанымда, аяғы сүрініп, басы жарылды дейді Дулат Батырбеков. Сөзін сенімсіз жеткізді. Оның үстіне екеуі екі сыныптың оқушылары екен. Оқиғаның нақты қалай болғанын құзырлы орындағылардың еншісіне қалдырдық. Алайда олар да бүгін үнсіз. Сайрам аудандық полиция басқармасындағылар басшылықтан ешқайсысы жоқ деп шығарып салды. Облыстық Ішкі істер департаментіне берген хатымыз да жауапсыз.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста