Маңғыстау тұрғыны көлігін зандастырам деп 7,8 млн теңгесінен айырылды
Алаяқтар көлігін зандастырмақ болған Маңғыстау тұрғынын 7,8 млн теңгеге алдап кетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Мұнайлы ауданының тұрғыны “көлік құжаттарын Грузия елінің есебінен шығарып, ҚР есебіне тіркеп, рәсімдеймін” деп уәде беріп, кейін сөзінде тұрмаған алаяқтың құрығына түсіп қалды.
Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 7,8 млн теңгені құрайды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлерімен 30 жастағы Бейнеу ауданының тұрғыны анықталып, ұсталды.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.
Өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу