Күтушісі ұрып-cоққан сәбидің анасы оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Күтушісі ұрып-cоққан сәбидің анасы оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Бала күтушісі ұрып-соқты делінген екі жасар сәбидің анасы Tengrinews.kz  тілшісіне оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

"3 тамызда маған бала күтуші әйел хабарласты. Содан ол өзінен-өзі баланың тырыспасы басталғанын айтты. Кейін көршілеріне барса, олар жедел жәрдемді шақырып қойған екен. Содан дәрігерлер баланы ауруханаға жеткізген, бірақ қасында бала күтушісі болмапты. Кейін маған полициядағылар хабарласып, былай деп сұрады: "Бұл сіздің балаңыз ба? Неге ол жедел жәрдем көлігінде жалғыз болды?", - деді баланың анасы Жұлдыз.

"Содан мен ауруханаға бардым. Онда балама жедел түрде ота жасалды. Ота төрт немесе бес сағатқа созылды. Нейрохирург дәрігер шығып, оның әлі де өмір сүретініне ешқандай кепіл жоқ екенін айтты. Балам 4-5 күндей жансақтау бөлімінде комада жатты. Содан тағы бір ота жасалды. Басындағы сүйегін алып тастады. Бұдан кейін де балам он күндей комада жатты", - деді Мансұрдың анасы.

Анасының айтуынша, сәбиді ұрды делінген бала күтушісі оларда шамамен екі ай жұмыс істеген. Жасы шамамен 36-да. Тараз қаласының тумасы, бірақ қазіргі уақытта ол Алматыда тұрып жатыр екен. "Біз онымен бірге тұрдық. Баламды жансақтау бөлімінен шығарған кезде мен онымен сөйлесейін деп ойладым. Сонда маған көршілерім оның менің және баламның барлық затын жинап, өртегенін айтып берді. Мен сонда одан мұны неліктен істегенін сұрағанда, ол маған былай деді: "Сен менің ашуыма тидің, сондықтан осылай жасадым".

Ал сәбиді ұрып-соқты делінген күдіктіні неліктен қолхат арқылы бостандыққа шығарды деген сауалға Жұлдыз былай деп жауап берді: "Маған адвокат бала күтушіге қатысты қылмыстық іс қозғалғанда, оны баланың денсаулығына қатты зардап тигізбеген деп көрсеткенін айтты. Алайда дәрігерлердің айтуынша, бала ауыр жарақаттар алған. Бұл тіпті басқа бап бойынша қылмыстық іс болып саналады. Сонымен қатар, адвокат маған бұл істі біреудің тоқтатып, жапқысы келіп отырғанын айтты".

Қазіргі уақытта екі жасар сәбидің анасының айтуынша, ол сәбиімен бірге Алматыдағы балалар ауруханасында жатыр. Сәбиге тағы бір ота жасалу керек. Дәрігерлер баланың басындағы сүйегін қайта орнына қоймақшы екен.

"Қазір сәбидің жағдайы сол күйі ауыр. Сол жағымен мүлде қимылдай алмайды, оң көзі әлі ашылмады. Арғы күні ауруханадан шығамыз. Дәрігерлер екі апта үйде демалып, кейін қайта екінші балалар ауруханасына жату керектігін айтты", - деді Жұлдыз.


 Суреттерді сәбидің анасы берген

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста